қазақша · русский · english
   
14.10.2020

Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасы оқытушылары №8 жатақханада болды

 

2020 жылдың 14 қазанында шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының оқытушылары Бегалиева Сауле, Мамытбекова Ляйля, Есиркепова Индира мен факультет директоры Таубаева Ғалия халықаралық әуе рейстерінің жабылуына байланысты жазғы каникул кезінде елдеріне қайта алмаған Корея Республикасынан Юн Сенгеп, Түрікменстаннан Бабагулыев Гурбанмұрат және Таганов Улугберди, Қытайдан Асет Сункар келген шетелдік студенттер тұратын № 8 жатақханаға барды.

 

Кездесу барысында тұрмыстық мәселелер, онлайн-оқу үдерісі талқыланды. Пандемия кезінде жатақханада тұрудың санитарлық-гигиеналық нормаларын сақтау туралы қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, мұғалімдер санитарлық норманы сақтауға қажетті құралдарын: антисептиктер, маскалар, қолғаптар сыйлады. Студенттер пандемия салдарынан Қазақстанға оқуға келуге мүмкіндігі жоқ достарының оffline режимінде дәстүрлі оқу үдерісіне қайта оралу жолға қойылатынына үміт білдірді.

 

   

 

   




Кері оралу