қазақша · русский · english
   
26.02.2021

Мәнерлеп оқу жарысының қорытындылары «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін»

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық факультетінің 2021 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 18-24 ақпан аралығында ЖОО-ға дейінгі дайындық бөлімі тыңдаушыларының арасында М.Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» тақырыбында ақын шығармаларын мәнерлеп оқу жарысының қорытындысы 24 ақпан күні онлайн режимде өткізілді.

 

Конкурс екі бағытта жүргізілді. Байқауға жалпы 40 шақты тыңдаушы қатысты.

 

Байқау қорытындысы бойынша ақтық кезеңнен оза шауып, ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан кәсіби шеберлік танытқаны үшін І-ші орынды Ақмолда Дулат, ІІ-ші орын Чингилбаева Диана, Тұрғынбек Сымбат, ал ІІІ-ші орынды Ескелді Меруерт, Дәулетбек Ботагөз және Күнтуған Диас иеленді.

 

«Ақынға арналған арнау» тақырыбы бойынша өз шығармаларын мәнерлеп оқуда кәсіби шеберлік көрсеткені үшін І дәрежелі дипломмен Сайлыбай Жантұрсын,ІІ дәрежелі дипломмен өлең ұйқасын сақтап, нақышына келтіре оқығаны үшін Мұратқан Қарлығаш, Бағдат Ләйлә, ал тіл тазалығын сақтағаны үшін ІІІ дәрежелі дипломмен Мергенбай Аяулым, Жолдасбек Фариза, Мралиев Асылбек марапатталды. Мұқағали өлеңдерін мәнерлеп оқуға атсалысқаны үшін 14 тыңдаушы алғыс хаттарға ие болды.

 

Әділқазылар алқасының төрағасы, Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің бас маманы, әнші-домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Ержан Қосбармақов пен Филология және көптілді білім беру институтының аға оқытушысы Дариға Сатемирова жас орындаушылардың шеберлігіне жоғары бағасын берді.

 

   

 

   




Кері оралу