қазақша · русский · english
   
30.07.2021

Жазғы тілдік курс - 2021

 

Міне, екі жыл қатарынан бүкіл әлемде болып жатқан COVID-19 пандемия жағдайына байланысты Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық факультетіне қарасты шетел студенттері (тыңдаушылары) жазғы тілдік курсында онлайн-форматта білім алуда. Мұндай формат оқытушылар мен тыңдаушыларға оқыту процесіне жаңа цифрлық технологияларды игеруге және енгізуге мүмкіндік берді.


15.06-15.08.2021жж. аралығына дейін шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасында «Орыс тілінің онлайн-курстары» жазғы тіл мектебі жұмыс істеуде.


Жазғы мектептің тыңдаушылары Филиппин, Корея, Қытай және Бангладештен келген TORFL курсының білім алушылары болып табылады.


Виртуалды экскурсиялар мен онлайн-сабақтар орыс тіліндегі білімді кеңейтеді, орыс мәдениетінің ерекшеліктері туралы түсінік береді, әртүрлі қарым-қатынас жағдайларында өз ойларын орыс тілінде еркін білдіруге, тіпті орыс әзілдерін түсінуге мүмкіндік береді.


Онлайн-курс тыңдаушылары жазғы тілдік курс ұйымдастырушылары мен оқытушыларына ең жылы лебіздерін білдіруде.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

 




Кері оралу