21.04.2017
Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің деканы Х.Н. Жанбеков пен Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар және ЖОО дайындық кафедрасының меңгерушісі С.Б. Бегалиева барлық қатысушыларға денсаулық, амандық, бақыт, оқуда, жұмыста биік жетістіктер мен елімізге тыныштық тіледі. С.Б.Бегалиева өз сөзінде: «Ұлы қазақ ақыны Абай айтқан: «Басқа бір елдің тілі мен мәдениетін білу, адамды сол елмен теңестіреді» - деп. Біздің факультет - үлкен отбасы. Әртүрлі елдің студенттері бір-бірімен тіл табысуды үйреніп, ортақ мақсатқа, яғни орыс тілін жетік меңгеруге ұмтылады. Біздер әрдайым студенттер бір-бірінен үйренсін деп қызықты шаралар ұйымдастырамыз. Осы мерекелік кешті біздермен өткізуге шақырамыз» - деді. Шетел студенттеріне біздің Наурыз мейрамымыз өте ұнады. Шет тілдерінде әндер шырқалды. Таң қалдырғаны біздің еліміздің қонақтарына қазақтың әндерінің ұнайтындығы. Барлығымыздың қуанышымызға айналған Димаш Құдайбергеновтың арқасында қытайлық студенттер әншінің репертуарын жаттап алғандықтан, «Дайдидау» мен «Ұмытылмас күн» әндерін бірлесе орындадық.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|