қазақша · русский · english
   
27.04.2017

        2017 жылдың 27 сəуірі күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры А.Т. Құлсариеваның бастамасымен Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар және ЖОО дайындық кафедрасы (Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті (Foundation) мен Орыс тілі жəне əдебиеті (Филология жəне көптілді білім беру институты) кафедрасы бірлесе академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алып жатқан "Чжэцзян" шет тілдері институтының және Санья университетінің студенттеріне экскурсия ұйымдастырды.
        Оқытушылар Казабеева В.А. жəне Абаева М.К. студенттермен бірге Республика алаңына, ҚР Ғылым Академиясына, "Медеу" мұз айдынына жəне "Шымбұлақ" тау-шаңғылық курортына барып қайтты.
      Студенттер экскурсиядан зор əсер алып қайтты. Әсіресе, оларға "Медеу" мен "Шымбұлақтың" қайталанбас табиғаты қатты ұнады.

 

 




Кері оралу