қазақша · русский · english
   
30.11.2017

 

 

Корей Республикасының Елшісімен кездесу
 

2017 жылдың 29 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері мен оқытушылары Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Оңтүстік Корея Республикасының Елшісі Ким Дэсик мырзамен кездесті. Кездесуге Абай атындағы ҚазҰПУ тарапынан Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханқызы, Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің  деканы Таубаева Ғалия Закариянқызы, оқытушылар және студенттер қатысты.

Елші Ким Дэсик мырза Корей елінің мәдениеті, саясаты туралы дәріс оқыды. Дәрістен кейін студенттермен әртүрлі тақырыптар бойынша әңгіме өрбіді, студенттер Елшіге сұрақтар  қойып, тұшымды жауаптар алды.
Кездесу барысында Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар және ЖОО дейінгі дайындық кафедрасында білім алып жатқан корей студенттері құттықтау сөз сөйлеп, корейлік «Ариран» биін билеп берді, ал қазақ студенттері  қазақ әндерін шырқап, ұлттық күй орындады.
Кездесу шын ықыласты достық жағдайда өтті.

 

 

 




Кері оралу