қазақша · русский · english
   
03.01.2018

Жаңа жылдық «Ректор балы-2018»

 

2017 жылғы 26 желтоқсанда университеттің барлық студенттеріне, магистранттарына және профессорларына арналған жаңа жылдық «Ректор балы-2018» кеші өтті.


Жаңа жылдық кеште Университеттің бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов барлық қатысушыларды 2018 жылы жаңа жылмен құттықтап, келесі жылы жаңа идеялар, мақсаттарға жетулеріне тілектес екенін білдірді.


Шетелдік азаматтарға арналған филология мамандықтары және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасынан (Foundation) Университеттің студенттік өміріне белсенділік танытып, үздік оқып жүрген шетел студенттері: Чжан Сяоюн, Юн Хэсон, Ким Сонгжи, Лю Сяню, Пак Джонын құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.


Концерттік бағдарламаға шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар және ЖОО дейінгі дайындық кафедрасынынан адемиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынш білім алып жүрген Чжэцзян шет тілдер институтының (Чжэцзян қ., Қытай) 3-курс студенттері «Салем Астана!» әнін орындап, мерекелік іс-шараға атсалысты.

 

  

 

  

 

  

 


Тәрбие жұмысы бойынша жауаптылар Л.К.Мамытбекова, И.Е. Есіркепова




Кері оралу