қазақша · русский · english
   
25.06.2018

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне қош келдіңіздер!

 

2018 жылдың 22 маусымында Алматы қаласындағы халықаралық қазақ-қытай тілдер колледжінде Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Ашық есік күні өткізілді.


Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары доцент Назгүл Минаева және асс.доц. Тоғжан Айтказина колледждің студенттерін Абай атындағы ҚазҰПУ-нің тарихымен, университет институттарының жұмысымен таныстырды және оларды 2018-2019 оқу жылындағы мамандықтар тізіміне енгізді. Абай атындағы ҚазҰПУ-не шетел азаматтарын қабылдау және оқыту ережелеріне аса назар аударылды.


Іс-шараға оқу-ісі жөніндегі завучы Құлжан Әжібаева, оқытушылардан Күлнар Асанова және Жанар Базартай қатысты.

 

         

 

         

 




Кері оралу