қазақша · русский · english
   
23.04.2019

Наурыз 2019


20 сәуірде Алматыдағы М.Горький атындағы мәдениет және демалыс саябағы аумағында «Спартак» стадионында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Наурызға арналған мерекелік іс-шара өткізді. Ұлттық нақыштағы флешмоб ұйымдастырылып, ұлттық әндер мен билер орындалған үлкен концерт өтті.

 

Наурыз мерекесінде дәстүрге сай әрбір институт пен департамент жекелеген атаулы киіз үйлер тікті. Халықаралық ынтымақтастық департаменті, Шетел студенттеріне арналған филологиялық мамандықтар және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті (Foundation) және Шетелдік азаматтарға арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының киіз үйі «Ынтымақ ауылы» деп аталды, орыс тіліне аударғанда «Сплоченность» ұғымын білдіреді. Студенттер мен тыңдаушыларға арналып жеке шатыр тігілді.

 

Мереке жақсы көңіл-күйде өтті.

 

   

 

   

 

   

 

  




Кері оралу