қазақша · русский · english
 
 
 
28.03.2020

«Жасыл ел» эстафетасы

 

Еліміздегі COVID-19 вирусымен қазіргі жағдайға байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы бойынша барлық жоғары оқу орындарының оқу үрдісі қашықтықтан оқыту бағдарламасына ауысты. Осы ретте, 2020 жылдың 27 наурызы күні Жаратылыстану және география институтының 1 курс «6В01512-Химия-биология» мамандығының студенті Әдепхан Аяулым барлық студенттерді қашықтықтан оқыту кезінде уақыттарын тиімді пайдалануға шақыра отырып, салауатты өмір салтымен айналысып, табиғатты аялау ниетінде, «Жасыл ел» эстафетасынының бастамасын салып, университеттің барлық студенттеріне жолдады. «Жасыл ел» эстафетасы көптеген студенттер тарапынан қолдау тауып, қарқынды түрде жалғасуда. Болашақ біздің қолымызда! Сондықтан, барлықтарыңызды салауатты өмір салтымен айналысуға шақырамыз!

 

   

 

   

 

 




Кері оралу