қазақша · русский · english
 
 
 
11.05.2020

Ұлы Жеңіске 75 жыл

 

2020 жылы 8 мамырда Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жаратылыстану және география институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манаповтың және студенттік өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» ардагерлерді еске алу онлайн іс-шарасы өтті.

 

Алғаш құттықтау сөз кезегі кеш қонақтарына Жаратылыстану және география институтының директоры Куляш Каймулдиноваға, Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Құрмет орденінің иегері, профессор Жұмаділ Шілдебаевқа, Өнер,мәдениет және спорт институтының директоры Тоққожа Қожағұловқа, доцент Ирина Загриценкоға сөз берілді. Кеш қонақтары өздерінің жылы лебіздерін білдіре отырып, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін мәңгі есте сақтап, құрметтеу керектігін жастарға насихаттады.

 

Кешке биология кафедрасының меңгерушісі Мұрат Жақсыбаев, институттың профессор-оқытушылары, студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің мүшелері және белсенді студенттер қатысты. Кеш жүргізушісі «Биология» мамандығының 1 курс студенті Махаббат Клышбаева болды.

 

Іс-шара барысында «Химия - биология» мамандығының 1 курс студенті Азиза Сазанбай соғыс ардагерлеріне «Өр рух пен жаралған қайсар намыстан» арнауын оқыды. Келесі сөз кезегі Жаратылыстану және география институтының Өзін-өзі басқару ұйымының төрайымы Мунира Балметоваға және Өзін-өзі басқару ұйымының беделді мүшесі Алтынай Камаловаға берілді.

 

Кешті Нұрлан Манапов қорытындылады. Іс-шара өскелең жас ұрпаққа үлгі-өнеге болатындай өте жоғары деңгейде өтті.

 

   

 

   

 

   

 

 

 




Кері оралу