қазақша · русский · english
 
 
 
25.05.2020

«Талапкер - 2020» бітіруші түлектерімен онлайн кездесу

 

2020 жылдың 21 мамырында Жаратылыстану және география институтының маркетинг бөлімі «Талапкер - 2020» бітіруші түлектермен онлайн кездесу өткізді.

 

Ұйымдастырушылар: көлденең циклді басқару құрылымы маркетинг бөлімінің мүшелері Ерлан Бірталаев, Жанар Жақсибаева, Нұрсұлтан Бақанов, Маржан Башенова.

 

Қатысушылар: Абай университетінің басшылары мен профессор-оқытушылары, институт директоры, директордың орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, Алматы облысы Сарқан аудандық және қалалық Білім департаментінің басшылары мен өкілдері, мектеп директорлары, мұғалімдер мен бітіруші түлектер.

 

Кездесуді университеттің ректоры, профессор Такир Балықбаев ашып, университеттің жетістіктері мен талапкерлерге берілетін жеңілдіктер жайында сөз қозғады.

 

Жаратылыстану және география институтының директоры, профессор Күләш Каймулдинова презентациялық баяндамасында оқу орны туралы бітіруші түлектерге толық ақпарат берді. Маркетинг бөлімінің жауапты тұлғалары: х.ғ.к. Жанар Жақсыбаева талапкерден университеттің қабылдау комиссиясына қажетті құжаттар тізімі мен Абай университетінің жеңілдіктері туралы баяндаса, PhD докторант Маржан Башенова мектеп мұғалімдері үшін магистратура мен докторантураға тапсыру ережелері мен ерекшеліктері жайында егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті.

 

Кездесу соңы сұрақ-жауап, пікір алмасу түрінде өтті.

 

   

 

   

 

 




Кері оралу