қазақша · русский · english
 
 
 
22.09.2020

4-курс студенттеріне арналған педагогикалық практика бойынша онлайн-конференция


2020 жылдың 22 қыркүйегінде Жаратылыстану және география институтының «5В011300-Биология», «5В011200-Химия», «5В011600-География» мамандықтарының 4 курс студенттері үшін педагогикалық практикаға арналған онлайн-конференция өткізілді. Іс-шара Zoom платформасында өтті.


Онлайн-конференцияға 4 курс студенттері, Жаратылыстану және география институты директоры К.Д.Каймулдинова, университеттің «Мансап» орталығының өкілі А.Асанхан, институттың мансапты дамыту бөлімі мүшелері, педпрактика жетекші-әдіскерлер қатысты.


Конференцияда К.Д.Каймулдинова, «Мансап» орталығының өкілі А.Асанхан сөз сөйледі. Студенттерге педагогикалық практикадан өту туралы түсіндірме ақпараттар ұсынылды, сонымен қатар олар педагогикалық практика жетекшілерімен таныстырылды. Талқылау барысында студенттер мен әдіскерлер университеттің «Мансап» орталығы мен институттың мансапты дамыту бөлімінің өкілдерінен өз сұрақтарына жауаптарын алды.

 

   

 

   




Кері оралу