қазақша · русский · english
 
 
 
21.01.2021

Жаратылыстану және география институтының табысты түлектерімен кездесу


2021 жылдың 20 қаңтарында Жаратылыстану және география институтында институттың Мансапты дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Жаратылыстану және география институтының табысты түлектері» тақырыбында өткен жылдардың түлектерімен онлайн-кездесу өтті. Онлайн-кездесуге шақырылған түлектер, институт директоры Күләш Каймулдинова, Абай атындағы ҚазҰПУ Түлектер қауымдастығының директоры Болатбек Нұрбатыров, ПОҚ, студенттер, магистранттар, докторанттар қатысты. Институт директоры Күләш Каймулдинова құттықтау сөз сөйледі. Шақырылған қонақтар қызықты студенттік өмірмен және мансап сатысының өсуімен бөлісті: Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов; Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімі Жомарт Омар; Талдықорған қаласы К.Ушинский атындағы №7 мектеп директоры Жамал Нұрлыбаева; Platinum Travel Kazakhstan туристік компаниясының директоры Гүзел Бекбаева; Алматы қаласы Алатау ауданы №149 мектебінің директоры Шырынкул Зейнуллаева. Іс-шара қызықты форматта өтті, студенттер қонақтарға қойылған сұрақтарына жауап алды.

 

   

 

   




Кері оралу