қазақша · русский · english
 
 
 
19.02.2021

«Brain fight» интеллектуалды ойыны

 

2021 жылдың 18 ақпанында Жаратылыстану және география институтының студенттік өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен, оффлайн форматта оқып жатқан 1 курс студенттері арасында №1 оқу ғимаратының 622-ші аудиториясында «Brain fight» интеллектуалды ойыны өтті. Ойын мақсаты- студенттердің білімге, оқуға құлшынысын арттыру; студенттік өмірде белсенділіктерін арттыру; жылдам ойлауға, шапшаңдыққа үйрету, сонымен қатар бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру болып табылады.

 

Іс-шараны институт директоры, профессор Күләш Дүйсенбайқызы Каймулдинова ашты. Сайыстың әділқазы алқалары қатарында Нұрдеканаттың белді мүшесі Нұрсая Амангелдіқызы Базарбекова; институттың үздік студенті Асылзат Қалижанқызы Қалдарбек; Химия магистрі, оқытушы Маржан Бахитовна Ахтаева болды.

 

Жалпы сайыс 4 кезеңнен тұрды:

1-кезең: Таныстыру;

2-кезең: Капитандар сайысы;

3- кезең: Бейне сұрақ;

4-кезең: Қызық екен сайысы. Әрбір кезеңде барлық топтар белсенділік танытып, өздерінің білімдерін дәлелдеп, ойынның қызу өтуіне ат салысты.

Шара барысында институтымыздың белсенді студенттері Мырзабек Дінмұхамет « Ата толғауы » күйін, Утешбаев Сұлтан Ұлы Абай атамыздың «Көзімнің қарасы» атты шығармасын орындап, жоғарғы деңгейде өз өнерлерін көрсетті.

 

Сайыс соңында әділқазылар нәтижесі бойынша 1 орынды- «Жаратылыс» тобы, 2 орынды- «O Mg» тобы, 3 орынды- «Жас химиктер» тобы иеленді. Жеңімпаздарды әділқазылар алқасы институт атынан марапаттады. Іс-шараны қорытындылай келе, Жаратылыстану және география институтының директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Тұрсынбекұлы Манапов барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, болашақта жетістіктерге жете беруге тілек білдірді.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу