қазақша · русский · english
 
 
 
19.04.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ және Фудан университеті (Шанхай, КНР) өкілдерінің кездесуі

 

2021 жылдың 17 сәуірі күні Абай атындағы ҚазҰПУ және Фудан университеті (Шанхай, КНР) өкілдерінің кездесуі өтті.

 

Кездесу мақсаты - ЖОО арасында ғылыми потенциалды арттыру, ортақ зерттеулер жүргізу, тәжірибе алмасу, бірлескен зерттеу зертханасын құру.

 

Зерттеу бағыттары:

 

1. Ауруларды бақылау және алдын алу;

 

2. Қоршаған ортаны қорғау;

 

3. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану;

 

4. Қазіргі ауыл шаруашылығы.

 

Кездесу барысында Жаратылыстану және география институтының бір топ жас ғалымдары әр бағыт бойынша бірлесе орындауға бағытталған алты зерттеу жұмыстарын ұсынды. Өз кезегінде Фудан университеті тарапынан қатысқан университет өкілдері алғысын білдіріп, жас ғалымдардың ғылыми патенциалын жоғары бағалады.

 

   

 

   




Кері оралу