қазақша · русский · english
 
 
 
14.06.2021

«5В060700-Биология» мамандығының 3 курс студенттеріне арналған өндірістік практика бойынша қорытынды онлайн-конференция

 

2021 жылдың 11 маусымында Жаратылыстану және география институтының «5В060700-Биология» мамандығының күндізгі бөлімінің 3 курс студенттеріне арналған өндірістік практиканың қорытынды онлайн-конференциясы Zoom платформасында өтті. Қорытынды онлайн-конференцияға 3 курс студенттері, институттың мансапты дамыту бөлімінің мүшелері, тәжірибе жетекшілері қатысты.

 

Студенттер Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Зоология ғылыми-зерттеу институтында өндірістік тәжірибеден өтті. Теориялық білімді іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған тәжірибе барысында студенттер атқарылған жұмыстар туралы есеп берді, өз мамандықтарының қыр-сырын зерттеді.

 

Студенттік есептерді талқылау барысында олардың практикалық жұмыста үлкен тәжірибе алғандығы атап өтілді.

 

   

 

   




Кері оралу