қазақша · русский · english
 
 
 
01.11.2016

Алматы қаласының ең үздік студенті 


Алматы қаласының жастар ісі бойынша басқармасы және «Elite Business Group» жастар саясатын дамыту мемлекеттік фонды мен «Жастар үйі атты» жастар ұйымының бірігіуімен өткізілетін «Алматының ең үздік студенттері» атты жарыс өтті. Үздік студенттерді анықтаудағы тиімді салтқа айналған бұл шара Алматы қаласының жарқын, үздік, креативті студенттерін анықтап,  олар туралы фотосуреттер мен ақпарат каталог-журналын құрастырады. Ал оның басты міндеті - ең белсенді студенттерге жұмысқа тұруға көмек көрсету.


Субъективизмді болдырмау үшін, конкурс онлайн режимде өтті. Әрбір қатысушыға өзінің жеке нөмірі беріліп, сайттың конкурс парақшасында тіркелді.

 

Биылғы жылы, жарысқа қатысушылардың үлкен тізімінде «Абай атындағы ҚазҰПУ-дың» «5В011600-география» мамандығының 4 курс- студенті - Увалиев Мақсат та болды.

 

Коммисия жарыстың 1-ші кезеңінде қатысушылардыңоқудағы жетістігі мен табыстары, ғылыми зерттеу қызметтері мен қоғамдық жұмыстағы жетістіктері туралы, екінші кезеңінде өзінің мамандығы туралы эсселерін тыңдады. Соның нәтижесінде Увалиев Мақсат, мыңдаған қатысушылардың арасынан ең үздіктерінің бірі атанып, «Алматының үздік студенті 2016» сертификатымен марапатталды. Жарыс Жас мамандарды жұмысқа қамту мен жұмысқа орналастыру сұрақтары мақсатымен өткізілген өткен жылдың 22 қыркүйегінде болған «Мүмкіндіктер жәрмеңкесі» және «Менің алғашқы жұмыс орныммен» жалғасты.

Сонымен қатар бизнес құрылысының өкілдері мастер-класс та өткізді.




Кері оралу