қазақша · русский · english
 
 
 
23.09.2021

4 курс студенттеріне арналған педагогикалық практика бойынша онлайн-конференция

 

2021 жылы 20 қыркүйекте Жаратылыстану және география институтының «5В011300-Биология», «5В011200-Химия», «5В011600-География» мамандықтарының 4 курс студенттері үшін педагогикалық практикаға арналған онлайн-конференция өткізілді. Іс-шара Zoom платформасында өтті.

 

Онлайн-конференцияға 4 курс студенттері, мектеп мұғалімдері, институттың мансапты дамыту бөлімі мүшелері мен педагогикалық практика жетекші-әдіскерлері қатысты.

 

Конференцияда Гүлжанат Камиева, Ерлан Бирталаев студенттерге педагогикалық практикадан өту туралы түсіндірме ақпараттар ұсынды, педагогикалық практика жетекшілерімен таныстырды. Талқылау барысында студенттер мен әдіскерлер институттың мансапты дамыту бөлімінің өкілдерінен өз сұрақтарына жауаптарын алды.

 

   

 

   

 




Кері оралу