қазақша · русский · english
 
 
 
07.10.2021

«Дала практикасы күндерінен» көрмесі

 

2021 жылдың 5 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жаратылыстану және география институты «Биология» білім бағдарламасының профессор-оқытушылары: доцент Батырова К.И.; профессор Иманкулова С.К.; аға оқытушылары: Аманбекова Д.М., Кауынбаева Э., оқытушы Алтынбек Т. О. және 2-3 курс білім алушыларының ұйымдастыруымен «Дала практикасы күндерінен» тақырыбында көрме өтті.

 

1-2 курс білім алушылары онлайн оқу дала практикасында өз өңірлерінен жиналған «Ботаника», «Зоология» пәндері бойынша теориялық білімдерін практика кезінде әрі қарай жалғастырып, материалдар жинастырды. Жиналған материалдарды дала практикасына жауапты оқытушылармен бірігіп коллекция, ылғалды препараттар мен кеппе шөптер жасалып, өңделіп көрмеге қойылды.

 

Көрмеге Абай атындағы ҚазҰПУ-дың академиялық мәселелер жөніндегі проректоры М.А. Бектемесов, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Х.Н. Жанбеков, зерттеу қызметі жөніндегі проректор Е.Ә. Бөрібаев, әлеуметтік даму жөніндегі проректор Ш.Н. Нұрланов, ғылыми кадрларды даярлау басқармасының бастығы Г.А. Баймбетова, ҚР ҒБМ Зоология институтының бас директорының орынбасары М.А. Чирикова, Алматы хайуанаттар бағының даму және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі А.Р. Рахимова және жоғарғы курс студенттері қатысты.

 

Келушілер көрменің деңгейі туралы жоғары пікір білдірді. Олардың айтуынша, практика - ең жақсы үйретуші мұғалім ретінде бұрыннан белгілі. Көрмеге қойылған коллекциялар студенттердің туған өлкесінің флорасы мен фаунасын зерттеуде қызығушылығын арттырды, бұл олардың оқудағы ғылыми-зерттеу жұмысына деген алғашқы ынтасы.

 

Көрмені ұйымдастырушыларына үлкен алғыс айтылды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу