қазақша · русский · english
 
 
 
25.10.2021

Магистратура және PhD докторантураға қабылдау

 

2021 жылдың 22 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының «Маркетинг» бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп мұғалімдерін магистратура және докторантураға шақыру мақсатында онлайн кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді.

 

Шараға Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының орта мектептерінің мұғалімдері мен жас мамандары қатысты. Іс-шараны «Маркетинг» бөлімінің жауапты тұлғалары Ерлан Бірталаев, Жанар Жақсибаева ұйымдастырды.

 

Аталған іс-шарада университеттің жетістіктері, оқу үрдісі және ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары туралы видео-ролик, презентация көрсетіліп, баяндама жасалынды. Университетте дайындалатын мамандықтар туралы толығырақ ақпарат берілді.

 

Кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасып, қатысушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарына жауап ала алды.

 

   

 

   




Кері оралу