қазақша · русский · english
 
 
 
11.11.2021

Бітіруші курстардың білім алушыларын Ұлттық біліктілік тестілеуге дайындау

 

2021 жылдың 10 қарашасында Жаратылыстану және география институтының Мансапты дамыту бөлімінде бітіруші курс студенттері, магистранттары үшін Ұлттық біліктілік тестін тапсыруға дайындық бойынша онлайн конференция өткізілді.

 

Іс-шараға Басқарма төрағасының орынбасары академиялық мәселелер жөніндегі проректор Мақтағали Бектемесов, академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жәінбеков, институт директоры Күләш Қаймулдинова, тестілеу орталығының бастығы Даража Исабаева, Алматы облысы Жамбыл ауданы «Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын №2 Қарғалы мамандандырылған гимназиясының» директоры Жанат Махметова және «Ағылшын тілі» пәнінің мұғалімі Севара Имаматдинова, сонымен қатар институттың Мансапты дамыту бөлімінің қызметкерлері, профессорлық-педагогикалық құрам, студенттер, магистранттар қатысты.

 

Сөз сөйлеген қонақтар мен спикерлер ЖОО-ын бітіргеннен кейін жас мамандарды жұмысқа қабылдау туралы ҚР БҒМ бекіткен жаңашылдық туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, олар біліктілік тестілеуі пәндік білім деңгейін және оқу пәнін оқыту әдістемесін меңгеруін анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

 

Спикерлер Даража Исабаева мен Севара Имаматдинова презентация түрінде түлектер кезеңдер бойынша қалай тіркелетінін, тестті қалай таңдайтынын, қандай пәндер бойынша тест тапсыратынын, педагогтің әрбір санаты үшін балдардың шекті деңгейін белгілеу туралы нұсқаулықты көрсетті.

 

Конференция барысында бітіруші курс білім алушылары өздерін қызықтырған сұрақтарға пайдалы әрі қажетті ақпарат алды.

 

Қатысушылар онлайн конференция соңында жас мамандарға арналған біліктілік тестілеуі қандай мүмкіндіктер беретіні туралы ақпарат тыңдады.

 

   

 

   

 




Кері оралу