қазақша · русский · english
 
 
 
25.11.2021

«Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы» шығармашылық байқауы

 

2021 жылдың 23 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ «Студенттік күз» апталығының аясында, Жаратылыстану және география институтының ұйымдастыруымен «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы» институтаралық шығармашылық байқауы өтті. Іс-шараға әділ төрелігін берген қазылар құрамында университетіміздің Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шыңғыс Нұрланов; Тәрбие, әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департаментінің директоры Қазына Бекбенбетова; Хакім-Абай ғылыми зерттеу орталығының директоры Жабал Шойынбет болды. 

 

Сайысқа университеттің әр институтының намысын қорғап сайысқа қатысушы білімгерлер жан-жақты өз өнерлерін, шығармашылықтарын көрсетті. Шығармашылық байқау қорытындысы бойынша, жүлделі 1-ші орынды Жаратылыстану және география институтының 1 курс студенті Ақмаржан Накнавина, 2-ші жүлделі орынды Математика, физика және информатика институтының 2 курс студенті Ұлдана Әбдіраш, 3-ші жүлделі орынды Филология және көптілді білім беру институтының 4 курс студенті Гүлжан Қиарыстанова жеңіп алды. Сонымен қатар, «Өшпес мұра» номинациясы бойынша Педагогика және психология институтының 1 курс студенті Жолды Жігер, «Өткір тіл» номинациясы бойынша Тарих және құқық институтының 2 курс студенті Асқар Жубандықов марапатталды. 

 

Шараның қорытынды құттықтау сөз кезегін Жабал Шойынбет сөйлеп, ұйымдастырушыларға өз ризашылығын білдіріп, барлық қатысушылардың артықшылықтарын, ерекшеліктерін атап өтті. Шара барысында басқа да студенттер де өз өнерлерін көрсетті. Атап өтсек, 3 курс студенті Азат Шыңғысбекұлы және Ақнұр Таңат әсем әндерімен, 2 курс студенті Сымбат Тұрсынбекова қазақ биімен, филология мамандығы 2 курс студенті Аружан Иосифова «Құсни Қорлан» әнімен, 3 курс студенті химия мамандығының студенті Нұрсұлтан Оралбаев «Адай» күйімен қонақтарды баурап алды. Әдеби бағытта өткен іс-шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

 

   

 

   




Кері оралу