қазақша · русский · english
 
 
 
09.12.2021

 «Ордалы елге 30 жыл» ашық тәрбие сағаты

 

2021 жылдың 8 желтоқсанында Абай атындағы Қазақ Ұлттық университеті Жаратылыстану және география институтының «6В01516 - География-Тарих» мамандығының 2 курс студенттері мен топ эдвайзері Мөлдір Бахытқызының ұйымдастыруымен офлайн форматта «Ордалы елге 30 жыл» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Іс-шараға институттың тәрбие және әлеуметтік ісі жөніндегі жетекшісі Нұрлан Манапов, профессор - оқытушылар мен студенттер қатысты.


Мереке шымылдығын жүргізуші Ақжол Жекен мен Салтанат Қызайбай ашып, іс-шара барысында 1986 жылы орын алған Желтоқсан оқиғасынан үзінді ретінде топ студенттері дайындаған қойылым көрсетілді. Топ студенттері: Гүлназ Төлеп, Бедел Қуаныш, Арайлым Әбділда, Ақжарқын Идрисова жүрекжарды өлең шумақтары мен арнауларын оқыды. Сонымен қатар, студенттер би билеп, Ақжол Жекен домбырада әсем күй шертіп, Аяулым Солтанғазина керемет әнменен тәрбие сағатын қорытындылады. Іс-шара соңында Талғат Увалиев, Думан Алиасқаров пен Нұрлан Манапов сөз сөйлеп, Желтоқсан көтерілісі жайындағы өз естеліктерімен, өнегелерімен бөлісіп, мерекелік шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.


Ашық тәрбие сағаты студенттерді рухани дамытып, Тәуелсіздіктің қадірін жете түсінулеріне мүмкіндік туғызды.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу