қазақша · русский · english
 
 
 
09.12.2021

«30 жыл, 30 асу, 30 белес» ашық тәрбие сағаты


2021 жылдың 8 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Жаратылыстану және география институтының «6В01510-Химия» мамандығының 1курс 2 топ студенттерінің және топтың тәрбие жетекшісі аға оқытушы Арайлым Жұбатқанқызы Өтемісованың ұйымдастыруымен «30 жыл, 30 асу, 30 белес» тақырыбында зум платформасында ашық тәрбие сағаты өтті.


Іс-шараның мақсаты: Білім алушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар арасында жеткен жеңістіктерімен таныстыру, әлем таныған ел екенін дәлелдеу, білімдерін кеңейту. Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.


Мерекелік шара Институттың әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі жетекшісі Нұрлан Манаповтың құттықтау сөзімен басталды. Тәрбие сағатын жоғары деңгейде жүргізген жүргізушілер топ студенттері Бағлан Жақсылық пен Альбина Жукебаева. Сонымен қатар, басқа да топ студенттері жан-жақты өз өнерлерін көрсетіп, әсем әндерін шырқап, көркем арнауларын оқыды. Тәрбие сағатында Тәуелсіздік жайында видео-роликтер көрсетіліп, студенттер өз пікірімен бөлісті. Тәуелсіздікке арналған тәрбие сағаты өте жоғары дәрежеде өтіп, барлық студенттер Тәуелсіздіктің маңыздылығын түсінді.

 

   

 

   




Кері оралу