қазақша · русский · english
 
 
 
27.01.2022

Жаратылыстану және география институтының педагогикалық емес мамандықтарының 4 курс студенттеріне арналған өндірістік практика бойынша онлайн-конференция

 

2022 жылдың 24 қаңтарында Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының «5В060600-Химия», «5В060700-Биология», «5В060900-География», «5В060800-Экология», «5В090200-Туризм» мамандықтарының студенттеріне арналған өндірістік практика бойынша онлайн - конференция өтті. Іс-шара Zoom бағдарламасында өткізілді.

 

Конференцияға практика базаларының өкілдері: ғылыми-зерттеу институттары, «Қазгидромет» РМК филиалы, «Platinum Travel Kazakhstan» ЖШС туристік фирмасы, 4-курс студенттері және олардың ғылыми жетекшілері, институттың мансапты дамыту бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Спикер Сауле Джамилова студенттерге өндірістік практикадан өту туралы түсіндірме ақпарат берді. Талқылау барысында студенттер мен тәжірибе жетекшілері институттың мансапты дамыту бөлімінің өкілдерінен өз сұрақтарына жауап алды.

 

   

 

   




Кері оралу