қазақша · русский · english
 
 
 
11.02.2022

М.Мақатаевтың «Жырлайды жүрек» поэзия кеші


2022 жылдың 9 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының №2 жатақхана студенттерінің және жатақхана меңгерушісі Гүльжан Искакова мен жатақхана старостасы Назерке Саттарованың ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаевты еске алуға арналған «Жырлайды жүрек» мерекелік кеші өтті.


Кештің мақсаты - қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойын Республикалық көлемде атап өту және ақынның мол мұрасын жас ұрпақтың жадында қайта жаңғырту, шығармашылығымен таныстыру, поэзияның құдыреті мен өлеңдерін, әндерін таныту.

 

Кешті жоғары деңгейде жүргізген жатақхана студенттері Елдос Өмірқұл, Асель Утенбекова, Аружан Турганбаева, Еркежан Нургазова, Ринат Нұралы және Қыдыржан Лесбек болды. Сонымен қатар, басқа да жатақхана студенттері жан-жақты өз өнерлерін көрсетіп, әсем әндерін шырқап, көркем арнауларын оқып, поэзия әлеміне сыр шертті. Іс-шарада Мұқағали Мақатаев туралы видео-роликтер көрсетіліп, ақынға байланысты қызықты сұрақтар қойылып студенттер өзара пікір алмасты. Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған поэзия кеші өте жоғары дәрежеде өтіп, барлық студенттер поэзия әлеміндегі Мұқағали бейнесінің үлкен маңызын түсінді.

 

   

 

   




Кері оралу