қазақша · русский · english
 
 
 
06.04.2022

«Жыл құсы» халықаралық жобасының көрмесінің ашылуы

 

2022 жылдың 4 сәуірі күні сағат 10.00 -де «ЖЫЛ ҚҰСЫ» халықаралық жобасы аясында Жаратылыстану-география институтында «Барлығы құстар туралы» суреттер көрмесі, сондай-ақ «Ұядағы құс» шығармашылық жұмыстардың көрмесінің ашылуы өтті. Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Д.Билялов, Ғылым департаментінің директоры У.Абдигапбарова, Жаратылыстану және география институтының директоры К.Каймулдинова, зоология институтының директор орынбасары М.Чирикова, Алматы зообағын дамыту бөлімінің меңгерушісі А.Рахимова және де қызығушылық танытқандар қатысты.

 

«Барлығы құстар туралы» сурет байқауына 60-қа жуық оқу орындарынан 600-ден астам оқушылар қатысып, оның ішінде: 48 мектеп, гимназия, лицейлер және 10-нан астам көркемсурет студиялары, сонымен қатар Павлодар, Қызылорда, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарынан жұмыстар келіп түсті.

 

«Ұядағы құс» атты екінші айналымға институттың 1-3 курс студенттері қатысып, ұя макеттерін, қанаттылардың жұмыртқа топтамаларын ұсынды.

 

   

 

   




Кері оралу