қазақша · русский · english
 
 
 
12.04.2022

Географ-ғалымдардың вебинары

 

2022 жылдың 4-10 сәуірі аралығында «Ғылым декадасы» аясында Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылым департаменті және «География, қоршаған орта және қызмет көрсету саласы» білім беру бағдарламасымен бірлесіп «Географиялық зерттеулердегі озық әдістер мен технологиялар» семинарын өткізді. Онда білім беру бағдарламасының постдокторанттары Ш. Лайсханов, Н. Үсенов және Н.Шакирова география ғылымындағы жаңа әдістемелер мен технологиялармен бөлісті. Вебинардың арнайы қонақтары «География және су қауіпсіздігі Институты» ҒЗИ су ресурстары зертханасының аға ғылыми қызметкері, PhD Мырзахметов А. Б. және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, PhD Кәкімжанов Е. Х. қатысты.

 

   




Кері оралу