қазақша · русский · english
 
 
 
06.03.2017

2017 жылы 6 наурызда Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану және география институтында №1 оқу ғимаратының 622 аудиториясында 1 курс биология мамандығының студенттерінің ұйымдастыруымен 8 наурыз Халықаралық Әйелдер күніне орай «Сыйынар ем ана деген тәңірге» тақырыбында мерекелік кеш өтті.
Кеш барысында 1 курс студенттері ұйымдастырған «Тастанды қыз» көрінісі көрсетілді. Көріністен әсер алған қонақтарымыз көздеріне еріксіз жас алып, тамаша әсер алды. Сонымен қатар, жан дүниені тебірентер өлеңдер айтылып, әндер орындалды. Мың бұралған биші қызымыз, 1 курс студенті Зиягүл «Қара жорға» биін билеп, келген қонақтарды биге шақырыра отырып керемет көңіл-күй сыйлады. 1 курс студенті Серікқали Бекарыс кештің өтуінде керемет ойындар ұйымдастырып, қонақтарымыз бен ұстаздарымызды ойындарға қатыстырып, сыйлықтар табыстады.Содан соң, 1 курс студентерінің орындауында «Вальс» биі биленді. Кешті қызықты өткізу мақсатында әзіл-қалжыңға толы көрініс те қойылды. Мерекелік кештің соңында қорытынды сөзді институт директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Манапов Нұрлан Тұрсынбекұлы алып, мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.




Кері оралу