қазақша · русский · english
 
 
 
25.04.2022

«Сенің таңдауың - сенің болашағың» Ашық есік күні

 

2022 жылдың 21 сәуірінде Жаратылыстану және география институтының маркетинг бөлімінің ұйымдастыруымен орта мектептердің 10-11 сынып оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында «Сенің таңдауың - сенің болашағың» Ашық есік күні өтті.

 

Қатысушылар - Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының әл-Фараби, О.Жандосов, А.Жексембеков, М.Горький, Әймен, Сарыбұлақ, Бәйтерек, Малыбай, Қойшыбек, Көлді, Көктөбе атындағы орта мектептерінің, Жамбыл ауданы Қарғалы №2 гимназия, Талғар қаласы №2 орта мектеп, Алматы қаласы, Медеу ауданының №92 орта мектеп, Жетісу ауданының №2 орта мектеп оқушылары мен ата-аналары, мұғалімдер.

 

Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова бітіруші түлектердің алдында сөз сөйледі. Абай университетінің табалдырығын студент болып аттап, институт директорының дәрежесіне дейін көтерілген, мектептегі «География» пәні оқулықтарының авторы Күләш Дүйсенбаеваның кәсіби өмір жолы оқушылар үшін үлкен үлгі-өнеге, мол тағылым болды.

 

Маркетинг бөлімінің жауапты тұлғалары Ерлан Бірталаев, Жанар Жақсибаева институт мамандықтары, талапкерлерге берілетін жеңілдіктер және қабылдау комиссияға тапсырылатын құжаттар туралы ақпараттар берді.

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов студенттік директораттың іс-жоспарымен бөлісіп, шығармашылық бағыттағы клубтармен таныстырып, әлеуметтік жеңілдіктер, жатақхана және әскери кафедра туралы мәліметтер беріп өтті. Студенттік директораттың студенттері күмбірлеген дмбырамен күй тартып, әсем ән шырқады.

 

Ашық есік күнінде биология және химия мамандықтарының 2-3 студенттері әртүрлі эксперименттік тәжірибелер көрсетіп, оқушылардың қызығушылықтарын арттырды. Биология бағытында «Бал құрамын анықтау», «Тәтті шырындардың құрамындағы С витаминін анықтау», «Бананның ДНК анықтау» атты эксперименттер көрсетілді. Химиктер «Отты көбік», «Отты шашу», «Пробиркадағы найзағай», «Жанартаудың атқылауы», «Фараон жыландар» атты қызықты тәжірибелер көрсетті.

 

Аталған іс-шарада оқушылар, ата-аналар көкейлерінде мазалап жүрген сұрақтарына жауап алып, оқуға түсу, оқу барысында студенттерге жасалатын жағдайлар туралы толық ақпараттар алды. Дискуссия, қызу пікірталастан кейін мектеп оқушыларына институт кафедраларына экскурсия жасалды. Химия кафедрасының профессоры Несіпхан Бектенов жаратылыстану ғылымы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары мен соңғы жаңалықтарымен бөлісті.

 

Іс-шараның соңында маркетинг бөлімі Ашық есік күніне келген мектеп басшылықтарының жауапты өкілдеріне сый-сияпат тарту етті.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу