қазақша · русский · english
 
 
 
05.04.2017

                  2017 жылдың 29-30 наурыз күндері Астана қаласы Елбасы кітапханасында «Әлемді өзгертер идеялар!» тақырыбында семинар тренинг болып өтті. Осы семинар тренингке университетімізден жиырма бір белсенді, әрі оқуда үлгілі студенттер жіберілді.

            Семинар тренингтің басты мақсаты: жастарды, жас буынды елбасының көреген саясаты, жыл сайынғы жолдаулары мен стратегиялық жобалары жөнінде толығырақ тереңінен мағлұмат алып, «Қазақстан жолы- Мәңгілік ел» екендігіне көздерін жеткізу және өз мамандығы төңірегінде ғана емес жан-жақты болуға тәрбиелеу болды. Институтымыздан алты студент осы екі күндік семинар тренингке қатысу мүмкіндігін иеленді. Олар: 3 курс студенттері Жаңбыр Мақпал, Сәрсенбек Жанат, Базарбаева Айнұр және 2 курс студенттері: Амантаева Сандуғаш, Ділдәбек Дидар, Сонуров Шәміл. Семинар тренинг барысында студенттеріміз Елбасымыздың кітапханасында болып, белгілі-белгілі қайраткерлерден лекция тыңдап, неше түрлі тренингтік ойындарға күә болды және Елбасы кітапханасына, Елбасы мұражайына, Ұлттық мұражайға саяхат жасады.


        Бұл саяхат барысында Елбасының Астанадағы алғаш жұмыс жасаған жері, әртүрлі елдің басшыларымен кездескен орны, алған сыйлықтары және тағы басқа маңызды мемлекеттік құжаттар, ал ұлттық мұражайда неше түрлі бұйымдар мен ерекше, бағалы мәдени дүниелермен танысты. Семинар тренингтің қорытынды күнінде студенттеріміз белгілі Горький атындағы орыс драма театрының директоры, актер, режиссер Еркін Қасеновпен сұхбаттасып, салтанатты түрде арнайы сертификаттармен, Елбасы жөніндегі кітаптармен марапатталды.

 

 

 

 




Кері оралу