қазақша · русский · english
 
 
 
11.10.2022

Аға ұрпақ - елдің құндылығы

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институты, «География және экология» кафедрасының PhD, аға оқытушысы Үсенов Нұрболдың бастамасымен «6В05203-География» мамандығының 2-ші курс студенттері 2022 жылдың 10 қазанында Алматы қаласындағы «Қамқор» қаттар үйіне барып, қарттарымыздың сүйікті әндері мен монологтары оқылып, көңілдерін көтеріп қайтты. Студенттерге қарттарымыз шын көңілдерімен жылы лебіздерін білдірді.

 

Мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Сондықтан жас буын жастарымызға, студенттеріміздің бойында толық адам концепциясын қалыптастыру мақсатында бұндай іс-шаралар одан әрі жалағасын табады деген ойдамыз.

 

  alt=  




Кері оралу