қазақша · русский · english
 
 
 
13.10.2022

Халықаралық ынтымақтастық

 

Абай атындағы ҚазҰПУ мен Мукими атындағы Қоқан мемлекеттік педагогикалық институты арасындағы халықаралық ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру аясында Жаратылыстану және география институтының география және экология кафедрасында Жаратылыстану ғылымдары факультетінің география және экономика негіздері кафедрасының меңгерушісі Абдуназаров Лютфилло Мамановичтің бір айлық ғылыми тағылымдамасы басталды. 2022 жылғы 10 қазан мен 10 қараша аралығында тағылымдамадан өту кезінде шетелдік ғалым университеттің ғылыми және педагогикалық базасымен танысады, Жаратылыстану және география институтының жетекші оқытушыларының сабақтарына қатысады, білім алушылардың академиялық ұтқырлығы, магистранттар мен докторанттардың тағылымдамадан өту мүмкіндіктері қаралады.

 

  alt=  




Кері оралу