қазақша · русский · english
 
 
 
03.11.2022

Низами университетінен магистранттарға арналған кәсіптік бағдар (профорентация)


2022 жылдың 2 қарашасында Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің (Өзбекстан) оқытушылары Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының ұйымдастыруымен «Биология» мамандығы бойынша 2 курс магистранттарына кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.


Іс-шара барысында Низами университеті зоология және анатомия кафедрасының меңгерушісі Гульнара Шахмурова мен ботаника және экология кафедрасының меңгерушісі Нина Тутушкина Низами университетімен таныстырып, тәжірбие алмасуға, білім жетілдіруге мүмкіндік бар екенін атап өтті. Абай университетінің магистранттары Низами университетінің білім бағдарламасына қызығушылық танытып, шақыртулар алды.

 

  alt=  




Кері оралу