қазақша · русский · english
 
 
 
09.11.2022

Туған өлкенің өсімдіктері мен жануарлары


2022 жылдың 4 қараша айында биология кафедрасының «6B05101 - ғылыми биология» бағытында білім алатын 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Туған жердің өсімдіктері мен жануарлары» тақырыбында іс-шара өткізілген болатын. Іс-шараның ұйымдастырушылары - институттың тәрбие жөніндегі жетекшісі Серік Бакиров, доцент Қуандық Мусаев, аға оқытушылар Гаухар Абдикаримова, Рита Саимова, Ғалымбек Қанат.


Іс-шараның мақсаты-студенттердің туған өлкесі, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсініктерін кеңейту, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру және оған ұқыпты және қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.


Қазақстанның кең-байтақ даласымен, қоңыр тауларымен таныстыру мақсатында әртүрлі презентациялар, көріністер, сұрақ-жауап, ойын-сауық ретінде білім алмасу өткізілді. Студенттердің «сегіз қырлы, бір сырлы» екені осы жерде көрінді. Іс-шара барысында еліміздің, жалпы әлемнің экологиялық ахуалдары туралы да ақпарат айтылып кетті. Қызықті фактілер, мәліметтер айтылды, осыны көріп студенттердің ұйымшылдығы, ізденіп, бірге қызығушылық танытқаны көрінді.

 

  alt=  

 

  alt=




Кері оралу