қазақша · русский · english
 
 
 
15.11.2022

«АВАІ UNI» шығармашылық байқауы


2022 жылдың 11 қараша күні Жаратылыстану және география институтының жылдық жоспарына сәйкес «QOLDAU» студенттік өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «АВАІ UNI» шығармашылық байқауы өтті. Абайдың өлең жолдары кімді де болса рухани биіктерге жетелеп, болашаққа деген құштарлыққа ұмтылдырады. Сондықтан да өткізілген іс-шараның зор тәрбиелік мән-мағынасы бар.


Байқауға әр институттың атын қорғап, бір қатысушыдан шықты. Үш кезеңнен тұратын байқауға институт студенттері өте жоғары дәрежеде дайындалып, өнерлерін ортаға салды. Әділ төрелік етіп, қатысушыларды сынаған әділқазы алқаларымыз: педагогика ғылымдарының докторы, профессор Шілдебаев Жұмаділ, педагогика ғылымдарының кандидаты Мирзаметов Мұрат, гуманитарлық ғылымдар магистрі Мейірманов Аманжол.


Байқау қорытындысы бойынша жүлделі 1 орын иегері - Математика,физика және информатика институтының қатысушысы Есенгелді Сәбит (жүлде қоры 30.000тг), 2 орын иегері - Педагогика және психология институтының қатысушысы Шорит Ақжүніс (жүлде қоры 20.000тг), 3 орын иегері - Сорбонна-Қазақстан институтының қатысушысы Орынбасар Ақжібек (жүлде қоры 10.000тг).


Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да сәттілік тілейміз!

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу