қазақша · русский · english
 
 
 
-.-7.0174

       Жаратылыстану және география институтының 6D011300 - Биология мамандығының 2 курс PhD докторанттары Майматаева А.Д., Шинышерова Г.Б. 06.03.2017 - 20.03.2017 ж. аралығында Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің биология, экология және биологияны оқыту әдістемесі кафедрасы негізінде ғылыми тағылымдаманы өтті.
    06.03.2017-20.03.2017 ж. аралығында кафедраның жетекші мамандары п.ғ.д., профессор Суматохина С.В., б.ғ.д., профессор Резанова А.Г., п.ғ.к., доцент Ховрина А.Н., б.ғ.к., доцент Зайцева А.И., б.ғ.к., доцент И.И. Истоминаның
дәрісіне, зертханалық, іс-тәжірибелік және семинар сабақтарына қатысты.
Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің биология, экология және биологияны оқыту әдістемесі кафедрасының, Ресей білім академиясының білім беру стратегиясы институтының Жаратылыстану ғылымдарын оқыту орталығы, Мәскеу мемлекеттік облыстық университетінің биология,химия және экологияны оқыту әдістемесі кафедрасының ғылыми-әдістемелік семинарларға қатысты.
         Шетел ғылыми кеңесшілері кеңес беру барысында элективті курстардың мазмұнын түсінудің негізгі әдістемелік амалдарын талқылады.
Шетел ғалымдарының жұмыстарын талдау арқылы зерттеудің құндылық, мотивациялық, теоретико-әдістемелік, технологиялық, рефлексті компоненттері алынса, негізгі әдістемелік амалдарының мазмұны және зерттеу біліктілігін қалыптастыру үдерісінің жүйелі, компонентті, аксиологиялы, акмеологиялы компоненттері анықталды.
     ММПУ кітапханасы, Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің биология, экология және биологияны оқыту әдістемесі кафедрасының ғылыми-әдістемелік кабинетінде, Ленин атындағы Ресей мемлекеттік кітапханасында өзіндік жұмыстар жүргізілді.
      Ғылыми тағылымдама қорытындысы бойынша келесі нәтижеге қол жеткізілді: зерттеу бойынша әдебиеттің таладауы жүргізілді, биологияны оқыту әдістері бойынша шетел тәжірибе жұмыстары зерттелді.
     «Мектептегі биология» ресейлік журналында басылып шығарылатын мақаланың қолжазбалық бірінші интерациясы дайындалды.




Кері оралу