Жаратылыстану және география факультеті |
18.04.2017
2017 жылы 14 сәуір күні Жаратылыстану және география институтының 224 аудиториясында 1 курс студенттерінің арасында студенттердің қызығушылықтарын арттыру, талантты жастарға қолдау көрсету, институт аруын анықтау мақсатында «Мисс ЖГИ - 2017» байқауы болып өтті. «Көрермен көзайымы» номинациясын Чапай Алмагүл, Алмат Дилянора, Асқарбек Ырыс иеленіп, арнайы сертификаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Жүлделі үшінші орынды 1 курс биология мамандығының орыс тобының студенті Ербол Парила иеленсе, екінші орынды Нұртаева Әсия еншіледі. Ал бірінші орынды 1 курс биология мамандығының 2 топ студенті Құлмырзаева Гаухар Жәнібекқызы қанжығасына майлады. Бас жүлдеге 1 курс химия мамандығының 1 топ аруы Бақтыбай Аружан ие болып, салтанатты түрде тәж тарту етіліп, арнайы сертификат пен қаржылай сыйлықты иеленді. Байқау мәресінде университетіміздің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ішпекбаев Жанатбек Ешенқожаұлы атынан байқауға қатысқан аруларға «Махаббат әлемі» атты жұлдызды жұптардың ән кешіне билеттер тарту етілді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|