қазақша · русский · english
 
 
 
09.12.2022

Үздік педагог-2022

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жаратылыстану және география институтының аға оқытушысы, биология ғылымдарының кандидаты Құлжанова Дина Қуанышқызы «Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы» қауымдастығы ассоциациясының нысанында заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Астана қаласында ғылым және білім беру мекемелері арасында өткізілген «ІІІ Халықаралық кітап басылымы», «Үздік педагог-2022» байқауына қатысты.


Байқау қорытындысы бойынша Құлжанова Дина Қуанышқызы ғылым мен білімнің дамуына қосқан үлесі үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының «Үздік педагог-2022» медалімен марапатталды.


Оның ғылыми жұмысы ғылыми мақалалар жинағының III томында «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ІІІ халықаралық кітап басылымы» «Үздік педагог-2022» басылып шықты.

 

  alt=  




Кері оралу