Жаратылыстану және география факультеті |
20.04.2017
«Ұлыстың ұлы күні - әз Наурыз!» Мерекелік шараның алғы сөзін университетіміздің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ішпекбаев Жанатбек Ешенқожаұлы алды. Сөз кезегін институтымыздың директоры Каймулдинова Куляш Дүйсенбаевна алса, ары қарай университет кәсіподағының төрағасы Нурбатыров Болатбек Боданович сөз тізгінін жалғастырды. Мерекелік кеш «Қыдыр ата» мен « Жер Ананың» батасынан бастау алды. Содан соң шара арнайы ұйымдастырылған көрініспен ұласты. Көрініс барысында ұлттық биіміз «Қара жорға », «Қыз бен Жігіт айтысы», күмбірлеген күй, мың бұралған би де болды. Көрініс соңы «Қазағымның дәстүрлері -ай» әнімен аяқталды. Содан соң кеш қонақтары мен ұстаздарымызға ойындар ұйымдастырылып, арнайы сыйлықтар табысталды. Қорытынды сөзді институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Манапов Нұрлан Тұрсынбекұлы алып, өзінің ыстық лебізін білдірді. Мерекелік кеш әсем әнмен өз мәресіне жетті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|