қазақша · русский · english
 
 
 
27.12.2022

4 курс студенттерінің педагогикалық практикасы бойынша қорытынды конференция

 

2022 жылдың 23 желтоқсанында Жаратылыстану және география институтының «6В01510-Химия», «6В01511-Химия», «6B01512-Химия-биология», «6В01513-Биология», «6В01514-Биология», «6В01515-География», «6В01516-География-тарих» мамандықтары 4 курс студенттерінің педагогикалық іс-тәжірибесінің қорытынды конференциясы өтті.


Конференцияда институт директоры Күләш Каймулдинова сөз сөйлеп, студенттердің оқуларына сәттілік тіледі және пәнді оқытуда, оқу-тәрбие жұмыстарын орындауда жоғары деңгей көрсеткен студенттерді мақтау қағаздарымен марапаттады.

 

Студенттер Алматы қаласы мектептерінде педагогикалық іс-тәжірибеден өтті. Теориялық білімдерін жүзеге асыруға бағытталған тәжірибеде студенттер мұғалім ретінде сабақ беріп, сынып жетекшілік қызмет атқарды. Педагогикалық іс-тәжірибесінің қорытынды конференциясында студенттер өз мектептерде атқарылған барлық жұмыстарды көрнекі түрде көрсетіп, есептерін берді. Пікірталас барысында тәжірибе жетекшілері студенттердің педагогикалық практиканы өткізу және қорытындылауға қатысты көкейтесті сұрақтарына жауап берді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=




Кері оралу