Жаратылыстану және география факультеті |
24.04.2024
Таза және тұрақты қоршаған ортаға маңызды қадам «Аяла» эко-клубының белсенділерінің тамаша жаңалықтарын қабыл алыңыздар! Абай университеті «Аяла» эко-клубының белсенділері: Жумагали Назерке және Алтынбекова Айдана ЮНЕСКО кафедрасымен бірлесе отырып, Жаратылыстану және география институтының 1,3,5,6 қабаттарында тұрмыстық қалдықтарды ыңғайлы сұрыптауға арналған жәшіктер орнатылғанын қуана хабарлайды. ️
Қалдықтарды сұрыптау жәшіктерін орналастырмас бұрын, оқу ғимаратына ең көп өндірілетін қалдықтар түрлері ескеріліп, қалдықтардың мына 3 түріне арналған жәшіктер қойылды, олар: макулатура, пластик және алюминий. Сонымен қатар, жәшіктің сыртында арнайы қалдықтарды сұрыптау нұсқаулығы бар QR код енгізілген.
Бұл бәріміз үшін таза және тұрақты ортаға жасалған маңызды қадам. Өйткені, қалдықтарды бөлек жинау - бұл тұрақты дамуға, ресурстарды сақтауға және болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны қорғауға ықпал ететін тәжірибе. Жер шарымызды сақтауға бірге ат салысайық!
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|