қазақша · русский · english
 
 
 
28.03.2018

«Елтану және туризм» кафедрасының мерейтойы

 

20 наурызда Жаратылыстану және география институтының «Елтану және туризм» кафедрасы 25 жылдығын атап өтті.


Елтану және туризм кафедрасы білім берудің барлық деңгейлері (бакалавриат, магистратура, докторантура) бойынша география және туризм саласындағы кадрлар даярлаудың негізі болып табылады.


Кафедраның мамандарды даярлаудағы бай тәжірибесі мен сапалы тәсілі, кафедра туралы білім беру, ғылым және қызмет саласында қазақстандық жоғары оқу орындары арасында көшбасшылық орынды иеленетін бірегей ғылыми мектеп ретінде айтуға мүмкіндік береді.


Жоғары білікті мамандарды даярлаудың маңызды шарты кафедраның қызметкерлерімен жүргізілетін белсенді ғылыми жұмыс. Жұмыстар ғылыми бағдарламалар, гранттар мен бастамалардың кең ауқымы бойынша жүргізіледі.


Профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік қызметі ғылыми қауымдастықтың ұлттық және халықаралық деңгейлерде лайықты танылуына ие болды және әртүрлі салаларда практикада қолдануда.


Кафедраның мерейтойына арналған салтанатты іс-шараны университеттің бірінші проректоры Мақтағали Бектемісов ашып, кафедра жұмысына алдағы уақытта табыстар тіледі.


Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова кафедраның құрылуының тарихи сәттеріне назар аударды, оның негізін қалаған академик Әлия Бейсенованың еңбегін атап өтті. Сондай-ақ кафедраның қазіргі заманғы қызметінің сипаттамасы берілген.


Академик Әлия Бейсенова, профессор Нәсіпқали Сейтов, профессор Әзімхан Сейітжанов, профессорлар Нұрлан Ахметов, Бәкір Мансуров, Гүлнарай Сабденалиева құттықтау сөз сөйледі.


Университет доценті Талғат Увалиев, аудиторияны кафедраның қалыптасу және даму тарихымен таныстырды.


Кафедра меңгерушісі Бахадурхан Абдиманапов кафедра жетістіктерін қорытындылай келе, құттықтаулар мен тілектерге алғыс айтып, кафедра қызметкерлерінің, студенттердің, магистранттар мен кафедраның қызыметкерлеріне кафедраның мерейтойын дайындауға және ғылыми жұмыстар жинағын жариялауына алғысын білдірді. .


Мерейтойлық іс-шара институт студенттік комитетінің дайындаған концертімен аяқталды.

 

       

 

       

 

       

 

       

 

       

 

 




Кері оралу