қазақша · русский · english
 
 
 
02.04.2018

География мамандығы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы өтті

 

2018 жылдың 28-29 наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультеті базасында 5В060900-«География» мамандығы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы өтті.

 

Олимпиадаға Қазақстан Республикасының жетекші жоғары орындарынан 10 команда қатысты.Олар: Абай атындағыҚазақ ұлттық педагогикалық университеті («Алтын көпір»),әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті («Геожол»,«Земляне»), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті («Жаңғырған Жібек жолы», «Терра», «Күлтегін»),Қазақ қыздар мемлекеттік педагогикалық университеті («Жасыл энергетика», «Айтұмар»), М.Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеті («Ақ-Жайық»), С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті («Геостар»).

 

Республикалық пәндік олимпиаданың финалдық кезеңі үш айналымнан тұрды. Бірінші айналым «Диалог» - командаларды таныстыру; Екінші айналым «Танымдық» - тесттік сұрақтар және практикалық тапсырмалар, Үшінші айналым «Өзіндік жұмыс» - «Ұлы Жібек жолының жаңа экономикалық белдеуі: мүмкіндіктер мен тәуекелдер» тақырыбында баяндама.

 

Олимпиадаға Жаратылыстану және география институты, Елтану және туризм кафедрасының 5В060900-«География» мамандығы бойынша 3-курс және 1-курс студенттерінен құралған «Алтын көпір» командасы қатысты. Команда мүшелері: Дарина Ерлан, Жұлдыз Жаңбырова, Назерке Раманқұл, ғылыми жетекшісі география ғылымдарының кандидаты, доцент Дина Мелсқызы Боранқұлова.

 

Олимпиаданың қорытынды нәтижесі бойынша жалпы командалық есепте Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Алтын көпір» командасы 3-ші орын алды және ІII дәрежелі дипломмен, ал жекелей есеп бойынша Дарина Ерлан 3-ші орын алды және ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

 

Жаратылыстану және география институтының ұжымы олимпиаданың жеңімпаздарын шын жүректен құттықтайды және оларға білім мен ғылымда шығармашылық табыстар тілейді.

 

       

 

       

 

     




Кері оралу