«Мисс ЖГИ»
 
2018 жылдың 10 сәуірінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 90 жылдығына орай   институтымыздың тәрбие жоспарына сәйкес студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің ұйымдастыруымен ибалы, инабатты және ақылына көркі сай институт аруын анықтау мақсатында университетіміздің №5 оқу ғимаратында «Мисс ЖГИ-2018» байқауы  болып өтті.
Кештің ашылу салтанатында институт директоры  Күләш Каймулдинова сөз алып, осы уақытқа дейін өз белсенділігімен көзге түскен институт студенттерін «Алғыс хаттармен»  марапаттады.
 Байқауға 7 аруымыз қатысып, өз бақтарын сынады және бұл іс-шараға «Журналисттер Одағының» мүшелері келіп, сұлуларымызға әділ бағаларын берді.  Кеш барысында институтымыздың әнші, биші және күйші студенттері өнерлерін ортаға паш етіп, көрермендердің қошеметтеріне ие болды. Сондай-ақ, ұйымдастырушы топ көрермендерге «Лоторея» ойнатып, түрлі бағалы сыйлықтар таратты. Байқау қорытындысын әділ-қазылар төрағасы, «Абай» газетінің бас редакторы Болат Шарахымбай  хабарлап,  аруларымызды құттықтап, сұлуларымыздың сайыс барысындағы өнерлеріне өз бағасын берді. Қорытындылай келе, №1 аруымыз Зұлхар Даулет «Мисс ЖГИ» атанса, №2 аруымыз Дана Абдурашитова  «Мисс Модель» атағын иеленді. №3 аруымыз Аяулым Расилова  ІІІ орын иеленіп «Мисс Грация»,№4 аруымыз Әлия Несіпбек ІІ орын алып «Мисс Интеллект», №5 аруымыз Айым Камешова  «Көрермен көзайымы», №6 аруымыз  Айгерім Исабекова «Мисс Харизма» атанды. №7 аруымыз Ару Кубайдуллина  инстаграм желісінде ең көп қолдау көрсетіліп, «Мисс Инстаграм», ал байқау қорытындысында І орын иеленіп, «Мисс Стиль» атағын жеңіп алды. Барлық қатысушылар дипломдармен марапатталып, қомақты қаржылар мен сыйақы алды. Кеш соңында директордың Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов  сөз алып, ұйымдастырушы студенттік өзін-өзі басқару кеңесіне және қатысушы аруларымызға өз алғысын білдірді.
 
     
   
 
     
   
 
     
   
 
     
   
 
     
   
 
     
   