Жаратылыстану және география факультеті |
05.11.2018
Биология, химия және география пәні мұғалімдеріне арналған республикалық семинар
2018 жылғы 31 қазан мен 3 қараша аралығында Жаратылыстану және география институтында «Жеке тұлғаға бағытталған оқыту, жаратылыстану пәндері сабақтарында инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында биология, химия және география пәні мұғалімдеріне арналған республикалық семинар өтті.
Семинарға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген және «Дарын» мамандандырылған мектептерінің, жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері қатысты.
Институт директоры профессор Күләш Каймулдинова мұғалімдерді профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-әдістемелік қызметімен таныстырды.
Дәрістерді, тренингтер мен семинарларды профессор Бахадур Абдиманапов, аға оқытушы Нұрсұлу Жүсіпбекова, доцент Қайрат Омаров жүргізді. Семинар үйлестірушісі - профессор Римма Избасарова.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|