қазақша · русский · english
 
 
 
29.11.2018

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына байланысты жиын


2018 жылдың 28 қарашасы ҚазҰПУ-дың №1 оқу ғимаратының 422 дәрісханасында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына байланысты талдау болып өтті. Жиында алғы сөзді институт директоры, профессор Күләш Каймулдинова алып, мақалаға байланысты өз ойын білдірді. Келесі сөзді «География, экология және туризм» кафедрасының доценті Қастер Сарқытқан «Өркениеттер қақтығысындағы ұлы дала рухы» тақырыбында баяндама жасады. Осы баяндама барысында профессор-оқытушылар мен студенттер арасында сұрақ-жауап болып, мақала бойынша бір-бірімен пікір алмасты және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға ұсыныстар айтылды.

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу