қазақша · русский · english
 
 
 
19.12.2018

Желтоқсан - ұлт рухының жаңғыруы! Жастар жанарымен

 

2018 жылдың 14 желтоқсан күні «География, экология және туризм» кафедрасының доценті Қастер Сарқытқан және «6М011600-География» мамандығының 2 курс магистранттарының ұйымдастыруымен «Желтоқсан - ұлт рухының жаңғыруы! Жастар жанарымен» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.


«Дөңгелек үстел» мақсаты - Желтоқсан көтерілісіне қатысқан адамдармен сұхбаттасу және қазіргі жастардың көз-қарасымен бөлісу.


Іс-шараға жазушы, драматург Серік Асылбекұлы мен педагог, актер, «Табиғат құшағында 24 сағат» бағдарламасының жүргізушісі Нұржан Садыбеков қатысып, өмірлік мол тәжірибелерімен бөлісіп, жастарды ұлттық-патриоттық тәрбиеге шақырды. Бас қосуға институт басшылары Күләш Каймулдинова мен Нұрлан Манапов және профессор-оқытушылар құрамы, студенттер және магистранттар қатысты.

 

   

 

   

 

  




Кері оралу