қазақша · русский · english
 
 
 
18.01.2019

Профессор Исатай Мырзахметұлы Төленбектің 85 жасқа толу мерейтойы

 

2018 жылдың 15 қаңтар күні «Биология» кафедрасының профессоры Исатай Мырзахметұлы Төленбектің 85 жасқа толу мерейтойы болып өтті. Исатай Мырзахметұлы Төленбек бүгінде ұлттық санасы бар, білімді болашақ педагог мамандарды тәрбиелеуге зор үлесін қосып келе жатқан кемел ұстаз. Ұлағатты ұстаз өзінің кәсіби оқытушылық қызметін жоғары білімнің қара шаңырағы - Абай атындағы ҚазҰПУ- де бастап, күні бүгінге дейін жемісті еңбек етіп келеді. Жарты ғасырдан астам жалғасып келе жатқан ұстаздың үлкен еңбектері бүгінде ғылым мен білімнің дамуында қайталанбас қолтаңба қалдырып отыр.

 

Мерейтойға Абай атындағы ҚазҰПУ-дің бірінші проректоры, профессор Мактағали Бектемесов ұстазды мерейтойымен арнайы құттықтап, Исатай Мырзахметұлының шәкірт тәрбиелеудегі талмас еңбегіне алғыс айтып, жылы лебізімен бөлісті. Сонымен қатар, Жаратылыстану және география институтының директоры, профессор Күләш Каймулдинова да мерейтоймен құттықтай отырып, өзі ұлғатты ұстаздың шәкірті болғанын айта отыра, бүгінде шәкірті ретінде де, әріптесі ретінде де ұстазға деген аса құрметін білдіріп өтті. Сондай-ақ, мерейтой барысында «Биология» кафедрасының меңгерушісі қауым.профессор Мұрат Жақсыбаев, б.ғ.к., профессор Софья Иманкұлова, п.ғ.д., профессор Жұмаділ Шілдебаев, м.ғ.д., профессор Амантай Кунакбаев, м.ғ.д., профессор Абдразак Бабашев сияқты оқытушылар ұстазды мерейтоймен құттықтай отырып, ұстаздың ең алғаш физиология бойынша қазақ тілінде дәріс оқығандығын және мемлекеттік тілде оқулықтар мен оқу құралдарын шығарғанын айтып өтті.

 

   

 

   

 

   

 




Кері оралу